БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

Науқасты қолдау және ішкі бақылау қызметі

Дарьинск ауылындағы ШЖҚ «Зеленов аудандық ауруханасы» МКК –да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58- бабына сәйкес, Пациенттерге қолдау көрсету қызметі( Ішкі бақылау қызметі) құрылды.

 

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58- бабына сәйкес, Пациенттерге қолдау көрсету қызметі( Ішкі бақылау қызметі) құрылды.

   Пациеттерге қолдау көрсету қызметі (Ішкі бақылау қызметі) функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.

 

Осыған байланысты, егер Сіздер;

  • медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
  • медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақша талап ету фактілері болған жағдайда;
  • сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, Сіз Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Обьективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңызды Комиссия Сіздің қатысуыңызбен қарастыратын болады.

Сіз шағымыңызда аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдыруыңызға болады, сондай-ақ шағымды медициналық ұйымның сайтына жазуыңызға болады: http://darinskzelrb.kz

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің шағымыңызды мүмкіндігінше тез қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын  мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады. 

Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне ем қабылдап жатқан пациенттер, сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылды.

 

Көрсетілген телефон нөмірлеріне:

    Медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары

 Дауова Мансия Наримановна № 1 кабинетке  , тел 24-1-76

 

   Сондай-ақ азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдау жүргізіледі:

 

Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары -

Ажгалиев Тимур Рапхатович  тел.24-1-76

 9:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00).

 

 Жанұя сауықтыру орталығының меңгерушісі-

  Горбацевич Любовь Ивановна 24-1-76

 (9:00-18:00 ( үзіліс 13:00-14:00)