БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

Қазақстан АИТВ-инфекциясысыз

ЖАДЫНАМА

 

Қазақстан АИТВ-инфекциясысыз 

 

АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады.

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады.

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады.

Қазақстанда АИТВ-ның анадан балаға берілуін АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелге жүктілік кезінде, босану кезінде, босанғаннан кейін жаңа туған балаға вирусқа қарсы терапияны ұсыну арқылы профилактикалау қамтамасыз етіледі.

2014 жылы АИТВ-ның анадан балаға берілуі деңгейі  0,8%-ға дейін төмендеді.

2014 жылы емдеумен қамтамасыз ету 74% құрады. Өлім көрсеткішін 2010 жылғы 17%-дан 2014 жылғы 8%-ға төмендету бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан аумағында эпидемиологиялық процесті дамыту шоғырландырылған сатыда (1,1 орта әлемдік көрсеткіш кезінде халықтың 0,2%).

Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің 2014-2015 жылдардағы рейтингісінде «15-49 жас аралығындағы халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орын алатын елдердің тобына кірді.

2009 жылдан бастап берілу жолының парентералды үлесін төмендету үрдісі бақылануда, 2014 жылы ол 31% құрады.