БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді!

 

ЖАДЫНАМА

 

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту

үшін қауіп төндірмейді!

 

Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді диагностикалаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген, әрбір азаматқа тегін негізде қол жетімді инновациялық жеделдетілген әдістері.

 

2004 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 55%-ға, өлім көрсеткіші 77%%-ға төмендеді.

 

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

В 2014 году, в сравнении с 2013 годом :

- туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 9%-ға төмендеді.

- өлім көрсеткіші 16%-ға төмендеді.

 

Туберкулезді диагностикалаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық жеделдетілген әдістерінің барлық түрлері енгізілді.

 

70%-дан астам туберкулезбен ауыратын науқастар аурудың ерет сатысында, яғни жұқтыру сатысына дейін айқындалады.

 

Бактерия бөлетін барлық науқастар олардың жұқтыру кезеңдерінде бактерия бөлу тоқтағанға дейін стационар деңгейлерінде ем қабылдайды.

 

Қазақстанда көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастардың 99% еммен қамтамасыз етілді, ол Дүниежүзілік дегсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ)  стандартынан 85%-ға асып отыр.

 

ДДҰ жыл сайынғы есебіне сәйкес науқастардың аталған санатын емдеу тиімділігі біздің елімізде әлемдегі ең жоғары болып табылады және 73% құрайды.

 

2013 жылы туберкулезге қарсы ұйымның бюджет көлемі 35472 млн. теңгені, 2014 жылы 36244 млн. теңгені құрады.

 

Соңғы 3 жылда қызмет бюджетінің көлемі 4,6% құрады.

 

ДДҰ-ның соңғы миссиясы (2012 жылғы мамыр) Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның барлық аспектілер бойынша жұмысын ң бағалады.

 

Қазақстанның Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік елдерінің арасында анағұрлым тиімді ретінде бағаланды.