Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 194-1926-07ГП 30.06.2011 жылы берілген.
ШЖҚ «Зеленов аудандық ауруханасы келесі мекен жай бойынша орналасқан:
БҚО, Зеленов ауданы, Дарьинское ауылы, Шолохов көшесі, 9
Кәсіпорын жедел және шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.
Зеленов аудандық ауруханасының құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 28 медициналық пункт кіреді.
Кәсіпорынның қуаты 50 койкіге есептелінген, соның ішінде 12 – терапиялық, 5 – кардиологиялық қалпына келтіру, 5 – неврологиялық, 5 – неврологиялық қалпына келтіру, 2 – бала босану, 4 – патология, 1 – гинекологиялық, 10 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және 3 жұқпалы аурулар койкілері.
Кәсіпорында 364 адам жұмыс жасайды, соның ішінде 40 дәрігер, олардың 4 жоғары санатты, 9 бірінші және 3 екінші санатты дәрігерлер, 175 – орта буын медициналық қызметкерлер,
67 – кіші мед.қызметкерлер, 82 – әкімшілік және техникалық қызметкерлер (2014 жылдың 1 шілдесіне).
Қызмет көрсетілетін тіркелген халық саны – 27 361. Ересектер – 19 930.Жас өспірімдер -1635 Балалар – 5 796.
Емхананың құрылымына кiредi – отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтiк-психологиялық көмек бөлiмі, кеңестік-диагностикалық бөлім, толық көлемде стацонаралмастырғыш көмек көрсететін күндізгі стационар.
Отбасылық денсаулық орталығы тіркелген халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді.
Профилактика және әлеуметтiк-психологиялық көмек бөлiмі профилактикалық қызметтер алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек көлемінде , әлеуметтік және психологиялық қызметтер арнаулы әлеуметтiк кызметтерді көрсетудiң стандарттарына сәйкес.
Кәсіпорын басшысы Ислямов Ғабитжан Капиевич – жоғары санатты дәрігер, жоғары санатты денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы, Мемлекттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 22 жыл.