БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

Директор блогына қош келдіңіз !

 

Ислямов Габитжан Капиевич, БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында 1967 жылдың 21 қазан айында дүниеге келді, білімі-жоғары, ұлты-қазақ.

1984 ж орта мектепті аяқтап, сол жылы Ақтөбе қаласының мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. 1986ж-1988ж аралығында Германияда Кеңес әскерлерінің тобында, Кеңес Армиясының қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеді. 1992ж «педиатр» мамандығы бойынша институтты тәмәмдады. 1992ж-1993ж Орал қаласының Облыстық балалар ауруханасы жанында интернатурадан өтті.
1994 жылдан 1999 жылға дейін Борсы дәрігерлік амбулаториясында меңгеруші қызметін атқарып, 1999ж-2004ж Жәнібек орталық аудандық ауруханасында педиатр дәрігері болып жұмыс жасады.

2004-2008жж «Жәнібек аудандық санэпидталдау орталығы» ММ басқарды. 2008ж ШЖҚК «Жәнібек орталық аудандық ауруханасы» директордың орынбасары болып тағайындалды. 2008жылдан қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Зеленов АА» МКК директоры болып қызмет атқарып келеді.

Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

Екінші жоғары білімі бар, 2007ж  БҚО Орал қаласындағы тілдер және менеджмент  «Еуразия» институтында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша біліктілік және акдемиялық бакалавр дәрежесімен  аяқтады.

2009жылы  Сингапур қалаласында «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша,  2010 жылы Астана қаласында “Тиімді басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу» мамандығы бойынша, 2015 жылы  Лондон қаласында “Денсаулық сақтау Менеджменті”  мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өтті.

Ислямов Габитжан Капиевич –жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы,  жоғары санатты дәрігер –педиатр, Аудандық Мәслихаттың  2-ші шақырылымдарының депутаты.

Мәслихаттың «20 жылдығына орай» медалімен  марапатталды.

 

  

 

 

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку