БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК  келесі мекен жай бойынша орналасқан:

БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян  ауылы, Шолохов көшесі, 9

Кәсіпорын шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.

Аурухана құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 26 медициналық пункт кіреді.

Оның қуаты 45 төсекке есептелген, оның ішінде 10 – терапиялық, 5-кардиологиялық, 4 – неврологиялық оңалту, 2 – босанған әйелдер палатасы, 2 – патология палатасы, 1 – гинекологиялық, 9 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және инфекциялық ересектер – 1 , балалар – 2, паллиативтік – 1.

Ұйымда 395 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал-189 , кіші мед.персонал – 62, әкімшілік және техникалық персонал – 101 ( 01.06.2021 ж. жағдай бойынша деректер) Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.

Емхананың құрылымына-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Емхананың құрылымына-жалпы тәжірибе бөлімі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, Әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

Директор Ислямов Ғабитжан Капиевич - жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.

 

 

Мекенжай анықтамасы талап етілмейді

____________№____________________________

__________________________________________     

                                                                    

                                                                                  Облыстық МҰ басшыларына

Мекенжай анықтамалары туралы

 

Тиісті нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекенжай анықтамаларын беруді алып тастау туралы шешім қабылданған болатын.

Енді а.ж. қарашаның 1-нен бастап Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларын біріктіруге байланысты мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылады.

Осыған орай мекенжай анықтамаларына қатысты өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында қосымшада көрсетілген ақпаратты орналастыру (әлеуметтік желілерде, ресми интернет сайттарда, хабарландыру тақталарында және т.с.с.) тарату қажет.

Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты (скрин-шоттар, фотосуреттер) Басқарманың персоналды басқару қызметінің Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық адресіне 2019 жылғы 28 қазан күні сағат 15.00-ге дейін ұсынуыңыз қажет.

 

Басқарма басшысының орынбасары                                      Е. Мұқанов

 

Орын.: А. Иманғалиева

Тел.: 24-55-25