БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

Ал біз мерекелік құттықтауларды жалғастырамыз, 14 маусым киелі жұма күні Медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай Дарьян ауылының мәдениет үйінің қызметкерлерімен арнайы ұйымдастырылған мерекелік шара өткізілді.

Ал біз мерекелік құттықтауларды жалғастырамыз, 14 маусым киелі жұма күні Медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай Дарьян ауылының мәдениет үйінің қызметкерлерімен арнайы ұйымдастырылған мерекелік шара өткізілді. Шара барысында медицина саласына қосқан зор еңбегі үшін Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың атынан біздің мекеменің бірқатар қызметкерлерің ауыл әкімі Исатай Мугалбаев марапаттады.

Олардың ішінде Достық ауылының екі бірдей жалпы тәжірибе дәрігері Тасименова Агиля Казмагамбетовна мен Құлекеева Мөлдір Берікқызы. Бәйтерек А2А тіс дәрігері Утегенова Светлана Қайржанқызы, Рубежка дәрігерлік амбулатория жүргізушісі А.Б. Карашаев және де Озерный МП санитаркасы Б.Куанышкиреева марапатталды. Сонымен қатар Исатай Мугалбаев өз атынан Бәйтерек А2А педиатр дәрігері Светлана Федоровна Ульченкова мен Аптека меңгерушісі Бибигуль Куспановна Далабаеваға алғысын білдіріп алғыс хат табыстады. Аурухана директоры Ғапитжан Қапиұлы Ислямов өз атынан мекемеде көп жылдан бері адал еңбек атқарып келе жатқан фельдшер психиатр Николай Антонович Пяткоға ерекше алғысын білдірді, және де 2019 жыл Жастар Жылы болып саналғандықтан мекеменің жас та белсенді, қызметкерлері мейірбике мамандары 3 телім медбикесі Аэлита Махсотқызы Тапалованы және жалпысоматика бөлімі терапия постының медбикесі Фатима Әлібекқызы Кабенованы марапаттады.