Біз туралы
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары мен қонақтары !
Біз сіздерді біздің сайтымызда көргенімізге қуаныштымыз!
БҚО әкімдігі ДСБ "Бәйтерек ауданының 2 - ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны біздің аудан тұрғындарына заңда белгіленген тәртіппен берілген лицензияға және бекітілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ:
Гуманизм, кәсібилік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары негізінде қолжетімді, білікті, медициналық көмек көрсету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
ПАЙЫМДАУЫМЫЗ:
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға негізделген сапалы медициналық көмек көрсету.
МІНДЕТТЕРІМІЗ:
-Сапалы медициналық көмек көрсету үшін кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту;
- Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру;
- Медициналық көмектің сапасын басқару бойынша бағдарламалардың тиімділігін бағалау.
- Әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарды ерте анықтау және сауықтыру үшін профилактикалық медициналық тексеруді сапалы жүргізу;
- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
- Біздің пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, денсаулықты сақтау және жақсарту;
- Аурухана менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру ;
- Аурухана қызметі үдерістерінде жоғары нәтижелілікті және тиімділікті қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу;
- Қолайлы ішкі ахуалы бар әрбір қызметкердің кәсіби өсуіне және жеке әлеуетін ашуға ықпал ететін тиімді қызметті жүзеге асыратын пікірлестер командасын қалыптастыру.
Кәсіпорын шұғыл медициналық, амбулаториялық-емханалық көмек, тәулік бойы стационарлық көмек, медициналық оңалту бойынша көмек көрсетеді.
Кәсіпорынның құрамында келесі құрылымдық бөлімшелері бар:
-
Құрамында 6 жалпы тәжірибе телімі, 1 педиатриялық телім бар.
-
200 келушіге арналған консультациялық-диагностикалық поликликлиника
-
81 төсектік стационарды алмастыратын бөлімше
-
45 төсектік тәулік бойы жұмыс істейтін стационар
-
6-дәрігерлік амбулаторияда 10 жалпы тәжірибе телімі, 1 педиатриялық
телім жұмыс істейді.
-
2-фельдшерлік-акушерлік пункттер
-
26-медициналық пункт.
Ұйымда 390 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал – 189 , кіші мед.персонал – 60, әкімшілік және техникалық персонал- 98 (01.10.2021 ж. жағдай бойынша деректер).
Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.8 (01.10.2021 ж. жағдай бойынша деректер)
Директор: Ислямов Габитжан Капиевич-жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.
ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК келесі мекен жай бойынша орналасқан:
БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян ауылы, Шолохов көшесі, 9
Кәсіпорын шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.
Аурухана құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 26 медициналық пункт кіреді.
Оның қуаты 45 төсекке есептелген, оның ішінде 10 – терапиялық, 5-кардиологиялық, 4 – неврологиялық оңалту, 2 – босанған әйелдер палатасы, 2 – патология палатасы, 1 – гинекологиялық, 9 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және инфекциялық ересектер – 1 , балалар – 2, паллиативтік – 1.
Ұйымда 395 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал-189 , кіші мед.персонал – 62, әкімшілік және техникалық персонал – 101 ( 01.06.2021 ж. жағдай бойынша деректер) Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.
Емхананың құрылымына-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.
Емхананың құрылымына-жалпы тәжірибе бөлімі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, Әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.
Директор Ислямов Ғабитжан Капиевич - жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.
Пайдалы ресурстар
- zdrav-bko.gov.kz - БҚО Денсаулық сақтау басқармасы
- bko.gov.kz - БҚО Әкімдігі
- zozh-zk.kz - Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
- fms.kz - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
- afprz.kz - Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсптік одағы
- Батыс Қазақстан медициналық колледжі - Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі ШЖҚ МКК