БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК  келесі мекен жай бойынша орналасқан:

БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян  ауылы, Шолохов көшесі, 9

Кәсіпорын шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.

Аурухана құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 26 медициналық пункт кіреді.

Оның қуаты 45 төсекке есептелген, оның ішінде 10 – терапиялық, 5-кардиологиялық, 4 – неврологиялық оңалту, 2 – босанған әйелдер палатасы, 2 – патология палатасы, 1 – гинекологиялық, 9 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және инфекциялық ересектер – 1 , балалар – 2, паллиативтік – 1.

Ұйымда 395 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал-189 , кіші мед.персонал – 62, әкімшілік және техникалық персонал – 101 ( 01.06.2021 ж. жағдай бойынша деректер) Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.

Емхананың құрылымына-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Емхананың құрылымына-жалпы тәжірибе бөлімі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, Әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

Директор Ислямов Ғабитжан Капиевич - жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.

 

 

Қызметтер
  1. Алғашқы(дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек.
  2. Жедел және шүғыл медициналық көмек: тасымалдау кезінде медициналық алып журу, шұғыл медициналық көмек, жедел медициналық көмек.
  3. Диагностика: зертханалық диагностика: жалпыклиникалық, биохимиялық, иммуналдық, цитологиялық, бактериологиялық, серологиялық зерттеулер.Рентгенологиялық, функциональдық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, ИФТ.
  4. Ересектерге және балаларға мынадай мамандықтар бойынша амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету: терапия, педиатрия, хирургия, травматология және ортопедия, кардиология, оториноларингология, офтальмология, урология, онкология, эндокринология, дерматовенерология, невропатология, жалпы дәрігерлік практика, отбасылық дәрігер, наркология, ревматология, гастроэнтерология, пульмонология, физиотерапия 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық айғақтары бойынша физиоем-шаралар, акушерлік және гинекология, психотерапия, стоматологиялық халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, сондай-ақ тіс жұлуды, бұрғылауды және химиялық қатайтылған композициялагған материалдардан пломбылар салуды қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық (ортодонтиқылық және ортопедиялық көмектен басқа)(терапиялық, хирургиялық), емдік дене шынықтыру, массаж.
  5. Ересектерге және балаларға стационарлық көмек денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ұсунуы бойынша уәкелетті орган белгілеген емдеуге жатқызу жағыдайларының жоспарланған санының шекті көлемінің шеңберінде көрсетіледі: терапия, педиатрия, диетология,неонатология, невропатология, хирургия, акушерлік және гинекология, реанимация және анестезиология, кардиология, онкология, гастроэнтерология, эндокринология, нефрология, психотерапия, офтальмология, травматология және ортопедия, отоларингология, неврология, ревматология, пульмонология, урология, емдік дене шынықтыру, физиотерапия.
  6. Стационарды алмастыру көмегі- емдеу-алдын алу қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жанындағы стационарлардағы күндізгі қарау бөлімшелерінде (палаталарында), емханалардың күндізгі стационарларында және үйдегі стационарларда көрсетілетін медициналық көмек.
  7. Сараптамалық медициналық қызмет: еңбек қабілетін және кәсіби жарамдылығын сараптау, декіреттелген жастағы балаларды және халықтын жекелеген топтарын алдын-ала тексеру.
  8. Денсаулықты қалпына келтіру және медициналық оңалту