БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК  келесі мекен жай бойынша орналасқан:

БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян  ауылы, Шолохов көшесі, 9

Кәсіпорын шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.

Аурухана құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 26 медициналық пункт кіреді.

Оның қуаты 45 төсекке есептелген, оның ішінде 10 – терапиялық, 5-кардиологиялық, 4 – неврологиялық оңалту, 2 – босанған әйелдер палатасы, 2 – патология палатасы, 1 – гинекологиялық, 9 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және инфекциялық ересектер – 1 , балалар – 2, паллиативтік – 1.

Ұйымда 395 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал-189 , кіші мед.персонал – 62, әкімшілік және техникалық персонал – 101 ( 01.06.2021 ж. жағдай бойынша деректер) Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.

Емхананың құрылымына-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Емхананың құрылымына-жалпы тәжірибе бөлімі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, Әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

Директор Ислямов Ғабитжан Капиевич - жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.

 

 

Азаматтардың назарына!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін  психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау Қызметі  қызмет атқаруда.

1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау  мүмкіндігі бар.

Мугедек-балаларды тәрбиелуеші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру   Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз, қалалық  және ұялы телефон аркылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:

  • Интернетке қосылған компьютер;
  • Веб-камера
  • Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;
  • Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

Қосылу Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411