Олимпбет Мен, Ғабитжан Қапиұлы Ислямов , 1967 жылы 21 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Агуба кентінде көп балалы жұмысшы отбасында дүниеге келдім.
1984 жылы орта мектепті бітірдім. Сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. 1986 жылдан 1988 жылға дейін Кеңес Армиясы қарулы күштері қатарында, Германиядағы Кеңес әскерлері тобында қызмет атқардым.
Содан кейін 1992 жылы институтты «педиатрия»мамандығы бойынша бітірдім. 1992-1993 жылдары Орал қаласындағы облыстық балалар ауруханасы базасында интернатурадан өттім.
1994 ж-1999ж. аралығында Борсы дәрігерлік амбулаториясында меңгерушісі болып істедім. 1999-2004 жылдары Жәнібек АОА педиатр дәрігері болып жұмыс істедім.
2004 ж- 2008 жылға аралығында «Жәнібек аудандық санэпидсараптама орталығы»ММ басқардым.
2008 жылы «Жәнібек аудандық орталық ауруханасы»МКҚК директорының орынбасары қызметін атқардым.
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК директоры болып жұмыс істеймін.
Отбасы жағдайым: үйленген, екі балам бар.
Екінші білімім бар, «Еуразия» Батыс қазақстан тілдер және менеджмент институтын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша біліктілік және академиялық дәрежесі-бакалавр атағым бар, оны 2007 жылы бітірдім.
2009-2010 жылдары Ақтөбе және Сингапур қалаларында «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігімді арттырдым
Мен жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушымын. Сонымен қатар, «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары санатты сертификатым бар.
2014 жылы «кәсіби патология( Еңбек медицинасы)»мамандығы бойынша қайта даярлаудан өттім. 2015 жылдың қыркүйек айында Лондонда (Ұлыбритания) «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігімді арттырдым.
2017 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті»мамандығы бойынша қайта даярлаудан өттім Олимпбет.