БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0

 

ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы»МКК  келесі мекен жай бойынша орналасқан:

БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян  ауылы, Шолохов көшесі, 9

Кәсіпорын шүғыл медициналық,, амбулаторлық-емханалық, тәулік бойғы стационарлық көмек, қалпына келтіру және медициналық оңалту бойынша көмек түрлерін көрсетеді.

Аурухана құрамына 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 26 медициналық пункт кіреді.

Оның қуаты 45 төсекке есептелген, оның ішінде 10 – терапиялық, 5-кардиологиялық, 4 – неврологиялық оңалту, 2 – босанған әйелдер палатасы, 2 – патология палатасы, 1 – гинекологиялық, 9 – хирургиялық, 3 – педиатриялық және инфекциялық ересектер – 1 , балалар – 2, паллиативтік – 1.

Ұйымда 395 адам жұмыс істейді: дәрігерлік персонал - 43, орта медициналық персонал-189 , кіші мед.персонал – 62, әкімшілік және техникалық персонал – 101 ( 01.06.2021 ж. жағдай бойынша деректер) Қызмет көрсетілетін халық саны-27861. Ересектер-20218, жасөспірімдер – 909, балалар – 6734.

Емхананың құрылымына-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Емхананың құрылымына-жалпы тәжірибе бөлімі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімше, толық көлемде алмастыратын көмек көрсететін күндізгі стационар кіреді.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, Әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

Директор Ислямов Ғабитжан Капиевич - жоғары санатты дәрігер, Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры, жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК Әнұраны

 

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!