8 ( 71131) 24-4-77
Дүй-Жұм : 08:00 – 20:00
Сенбі: 8:00- 13:00


A A A+
БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ « Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы» МКК
/*
0
*/

090602, БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян а., Шолохов көш, 9 үй

Баланың терезеден құлауына жол бермеу бойынша жадынама

Ата-аналарға биіктен құлау салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары туралы. Баланың терезеден құлауына жол бермеу бойынша Ж А Д Н А М А

 

Қазір күз,  ата-аналардың көпшілігі ашық терезе бала үшін қауіпті екенін ұмытады. Жыл сайын биіктен құлаудан көптеген балалар қаза болады. Сақ болыңыз!

1. Үйде бала болса, терезені ашық ұстамаңыз! Сіз балаңыз жанымда деп ойлайсыз, бірақ назарыңыз басқа жаққа бұрылған секундтың өзі балаңыздың соңғы сәті болуы мүмкін.

2. Ешқашан маскитке қарсы торларды пайдаланбаңыз – балалар оларға сүйеніп, олармен бірге сыртқа құлайды!

3. Ешқашан баланы қараусыз қалдырмаңыз!

4. Бала терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезеге фиксатор орнатыңыз!

Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар білуге құмарлығынан ашық тұрған терезе алдында дәрменсіз боп келеді.

Үйде кондиционердің болуы терезеден құлау қаупін заңды түрде төмендетеді, алайда бала бар үйде – міндетті түрде ең болмағанда бекіткіштер (фиксаторлар) тұруы керек – бұл ең төменгі қорғаныс, өйткені бала терезені өзі де аша алады.

Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

1. Терезеден құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын ақарусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.

2. Бала терезеге мінбес үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алшақ қойыңыз.

3. Ешқашан москит торына сенім артпаңыз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше - москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен жиі бірге құлайды.

4. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.

5. Терезеге баланың терезені бірнеше дюймнан артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді (фиксаторларды) орнатыңыз.

БҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы