8 ( 71131) 24-4-77
Дүй-Жұм : 08:00 – 20:00
Сенбі: 8:00- 13:00


A A A+
БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ « Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы» МКК
/*
0
*/

090602, БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян а., Шолохов көш, 9 үй

"Аурухана кубогі-2021"

2021 жылдың 30 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Бәйтерек ауданының 2-ауруханасының ұйымдастыруымен Дариян ауылының мекемелері арасында волейболдан "Аурухана кубогі-2021" турнирі өткізілді.

Жарыс спорттың волейбол түрін дамыту мен насихаттау, жастардың шеберлігін арттыру, алғы шептегі спортшыларды анықтау, жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Жарысқа 7 команда белсене қатысып , жеңімпаздар анықталды. 

1 орын иегерлері: Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы @darinskymsu

2 орын иегерлері: Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы @baiterek_a2a

3 орын иегерлері ?: Дариян жалпы орта білім беретін мектебі @zkodarinskschool

Сонымен қатар " Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы", "Үздік байланыстырушы", "Үздік қорғаушы " номинациялары бойынша ойыншылар марапатталанып сыйлықтар табысталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!