8 ( 71131) 24-4-77
Дүй-Жұм : 08:00 – 20:00
Сенбі: 8:00- 13:00

A A A+
БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ « Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы» МКК
/*
0
*/

090602, БҚО, Бәйтерек ауданы, Дариян а., Шолохов көш, 9 үй

Бәйтерек ауданының 2-ауруханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 02 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бәйтерек ауданы, Чинарево елді мекенінде жаңадан салынған модульдік медициналық пунктінің ашылу салтанаты өтті.

Медициналық пункттік салынуы Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Нажмеденұлы Искалиевтің бастауымен және қаржыландыруымен, Денсаулық Сақтау Басқармасының басшысы Арман Талғатұлы Калибековтің қолдауымен жүзеге асырылды.

Халықтың қуанышымен бөліскен Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов , ауылдық аймақты дамыту және де медициналық қызметті қолжетімді ету мақсатында ауылдық мекендерде осындай сапалы медициналық пункттерді салудың маңызын атап өтті. Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері Ғабитжан Қапиұлы Ислямов Чинарев ауылының халқын келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап , ел игілігі жолында бой көтерген медициналық пункт халықтың игілігіне қызмет ете берсін деген жылы лебізін білдірді.

2022 жылы осындай жаңа медициналық пункттерді Садовое, Зеленое, Макарово, Октябрьский ауылдық мекендерінде ашу жоспарланған.

Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!